Кіру

Басты бет
Басшылық
Жанат Абдугалимов

Жанат Абдугалимов

Ұшу қауіпсіздігі, стратегия, стандарттау және үйлестіру жөніндегі басқарушы директор

 

Жанат Абдугалимов ұшу қауіпсіздігі бойынша сапаны бақылау және талдау жұмысы департаментінің директоры қызметін атқарды. Бұған дейін «Қазақстан авиациялық әкімшілігі» АҚ авиациялық персоналды лицензиялау департаментінің директоры, ұшу қауіпсіздігі бойынша сапаны бақылау және аналитикалық жұмыстар департаментінде аға авиациялық инспектор қызметін атқарған.

2010 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін үздік дипломымен аяқтады. «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі. 2015 жылы Ұлыбританияның Кардифф университетінің халықаралық көлік магистрі дәрежесін үздік бітірді. 2011 жылдың сәуір айынан бастап Азаматтық авиация комитетінің бөлімдерінде сарапшы, бас сарапшы және қауіпті жүктерге жауапты мемлекеттік авиациялық инспектор қызметін атқарды. Ұлттық үйлестіруші ретінде Халықаралық азаматтық авиация ұйымымен ИКАО-ның әмбебап қауіпсіздікті қадағалау бағдарламасы аясында жұмыс істеді. «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-на келгенге дейін Азаматтық авиация комитетінің азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бөлімінің бастығы болды.