Кіру

Басты бет
Басшылық
Светлана Ерошина

Светлана Ерошина

Әуеайлақтар және жерде қызмет көрсету департаментінің директоры – бас авиациялық инспекторы

 

Светлана Ерошина 2020 жылдың ақпан айында "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ әуеайлақтар және жерүсті қызмет көрсету департаментінің директоры болып тағайындалды.

2008 жылдан 2014 жылға дейін Қарағанды халықаралық әуежайында технологиялар және сертификаттар қызметінің басшысы, ұшу қауіпсіздігі инспекциясы бастығының орынбасары болып жұмыс атқарды. 2014 жылдан 2018 жылға дейін Астана, Шымкент, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Петропавл, Павлодар халықаралық әуежайларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік әуежайларын басқаратын "Airport Management Group" ЖШС компаниясының ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бас менеджері және халықаралық стандарттарды енгізу департаментінің директоры лауазымдарында жұмыс істеді.

2018 жылдан 2020 жылға дейін Астана қаласы халықаралық әуежайының ұшу қауіпсіздігі департаментінің директоры болып жұмыс атқарды.

Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін, халықаралық стандарттарды әзірлеумен және енгізумен айналысты.

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің физика факультетінің оптика және спектроскопия кафедрасын үздік бітірген.   

"Физика" мамандығы бойынша магистратураны, "Конденсацияланған жағдай физикасы" мамандығы бойынша аспирантураны бітірген.

Цюрих қаласының халықаралық әуежайында тағылымдамадан өтті. ИКАО, ИАТА оқу орталықтарында оқудан өтті.

Ерошинаның тікелей қатысуымен 2012, 2014 ж.ж. Қарағанды әуежайы ISAGO халықаралық аудитінен сәтті өтіп, Қазақстанда бірінші болып тиісті тіркеуді алды. 2021 ж. "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ әуеайлақтар және жерүсті қызмет көрсету департаменті ИКАО-ның USOAP CMA бағдарламасы бойынша сәйкестік көрсеткіші - 90% валидациялық аудитінен өтті. Сонымен қоса, 2021 ж. Қазақстанда ИКАО-ның ұшу-қону жолағының (ИКАО GRF) жай-күйі туралы деректерді ұсынудың жаһандық форматы сәтті енгізілді.