Басшылық
Аслан Сатжанов
Ұшу жарамдылығы департаментінің директоры
Сатжанов Аслан 2021 жылдың қараша айында "Қазақстан авиациялық әкімшілігі" ақ ұшу жарамдылығы департаментінің директоры болып тағайындалды. 2020 жылдан бастап "Қазақстан авиациялық әкімшілігі" АҚ коммерциялық авиацияның ұшу жарамдылығы бөлімінің бастығы болды.
Бұған дейін ол "Эйр Астана"АҚ инженерлік бөлімінде 8 жылдан астам түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
Аслан - "Болашақ" халықаралық стипендиясының түлегі. 2010 жылы ол АҚШ-тағы Аризона университетінде аэроғарыштық инженерия бойынша бакалавр дәрежесін алды.