18/05/2023
2013 жылы Қазақстан Ресубликасы Польшаның уәкілетті органы берген Ан-2 ұшақ типінің № В-035/3/2 сертификатын таныды. Ан-2 ұшағының типі сертификатының иесі Ан-2 ұшағының өндірушісі PZL "Warszava-Okecie" S. A. болып табылады. АШ-62ИР қозғалтқыш типі сертификатының (№ E. 140) иесі қозғалтқыштың өндірушісі WSK "PZL-KALISZ" S. A. болып табылады. Ан-2 ұшағының ресурстарын типтік сертификат иесінің талаптарына сәйкес келтіру үшін 2016 жылы Ан-2 № 1/Ан-2 және 2/Ан-2 ұшақтарының ұшуға жарамдылығы туралы директивалар шығарылды.
2021 жылы "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ (бұдан әрі - ҚАӘ) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген Ан-2 ұшақтарының әуе паркінің жай-күйіне (ұшуға жарамдылығын сақтауына) талдау жүргізді. Талдау барысында Ан-2 ұшақтарын пайдалануды авиациялық техниканы әзірлеушінің талаптарына сәйкестендіру және Ан-2 ұшақтарының ұшу қауіпсіздігі мәселесін шешу үшін одан әрі іс-қимыл жасау қажеттілігі анықталды. ҚАӘ ұшуға жарамдылық жөніндегі директивалар жобалары түрінде баяндалған тиісті талаптар әзірледі:
1. AD 2022-02 Қозғалтқыш-автомобиль бензині
2. AD 2022-03 Қозғалтқыш-жөндеуаралық ресурстар және қызмет ету мерзімі
3. AD 2022-04 Планер-ақауларды тексеру
4. AD 2022-05 Планер-зығыр қаптаманың және резеңке шлангтардың қызмет ету мерзімі
Ұшу жарамдылығы жөніндегі директиваларды енгізу үшін авиациялық салаға (Ан-2 ұшақтарын пайдаланушыларына, Ан-2 техникалық қызмет көрсету және жөндеу ұйымдарына, әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарға, "КАМА" және "ЭЛИСА", Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК) осы ұшу жарамдылығы жөніндегі директиваларды енгізу үшін талаптар мен қолайлы мерзімдерді одан әрі әзірлеуге қатысу мүмкіндігі берілді. Сондай-ақ, Ан-2 ұшағының қозғалтқыш әзірлеушісінен кеңес алынды. Осылайша, ұшуға жарамдылық жөніндегі директиваларды енгізу келесі кезеңдермен жүзеге асырылды:
1 кезең. Авиация саласына ұшуға жарамдылығы жөніндегі директиваның әзірленген жобаларын тарату.
2 кезең. Авиация саласының директиваларды қарауы және ішкі талқылауы және ҚАӘ-не кері байланыс (түсініктемелер) беру.
3 кезең. Авиация саласымен алынған пікірлерді талқылау үшін ҚАӘ бас кеңсесіндегі Форум өткізу.
4 кезең. Форумда авиация саласының ұсыныстарын талқылауды ескере отырып, қабылданған түпкілікті директивалар жобаларын бекіту және ұсыну.
5 кезең. Ұшуға жарамдылық жөніндегі директиваларды шығару және ресми веб-сайтта жариялау.
ҚАӘ Бас директорының 17.04.2023 жылғы № 05/340 бұйрығымен ұшуға жарамдылық жөніндегі директивалар шығарылды. ҚАӘ ұшуға жарамдылық жөніндегі директиваларды авиация саласына жіберді.
Ұшу жарамдылығы жөніндегі директиваларды енгізу мерзімдері санитариялық авиация желісі, іздестіру-құтқару операцияларында (жұмыстарында), ормандарды қорғауда, аэрофототүсірілімде және авиациялық жұмыстардың басқа түрлерінде (ауыл шаруашылығы жұмыстарынан басқа) бойынша пайдаланылатын Ан-2 ұшақтары үшін 01.01.2024 жыл; Ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатын Ан-2 ұшағы үшін 01.01.2025 жыл.
Көрсетілген ұшу жарамдылығы жөніндегі директиваларымен ҚАӘ ресми сайтында танысуға болады: https://caa.gov.kz/ru/deyatelnost/departament-letnoj-godnosti/direktivy