Тексеруден кейін қазақстандық алты әуе компаниясының қызметі тоқтатылды
07/12/2020
2020 жылы екі қазақстандық әуе компаниясы сертификаттарынан айырылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы ҚР МИИР ҚГА баяндамасынан белгілі болды.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР Авиация әкімшілігінің инспекторлары 43 инспекциялық тексеру және 8 әуе пайдаланушы сертификатын жүргізді. 6 оператордың қызметі тоқтатылды: Jet Airlines, Jenis Air, Azee Air, Phoenix, Qazaq Helicopters, MS AIR KZ. Екі оператордың сертификаттары жойылды: Bek Air, Sigma Airlines, делінген хабарламада.