Ақтауда авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
11/08/2022
11-12 тамызда «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Ақтау қаласының халықаралық әуежай әкімшілігінің қатысуымен Авиациялық қауіпсіздік және өңірлік ынтымақтастық жөніндегі халықаралық конференцияның отырысын өткізді. Конференцияға Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан және Тәжікстан достас мемлекеттердің авиациялық билік орындарының басшылығы қатысты.