Питер Гриффитс БҰҰ-ның Ливияға заңсыз қару-жарақ жөнелтіліміне қатысты тергеуі туралы: «Қазақстан зардап шеккен тарап»
20/05/2020
Қазақстанда тіркелген ұшақтардың көмегімен Ливияға заңсыз қару-жарақ жеткізілгені белгілі болған соң, елдің авиациялық әкімшілігі салалық заңнамаға түзетулер енгізу туралы ойлады.
Қолданыстағы ережелер халықаралық авиакомпанияларға өз әуе кемелерін республика аумағынан ұшпай-ақ тіркеуге мүмкіндік береді. Сол себепті бірқатар шетелдік операторлар олқылықты пайдаланды, дейді Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшысы Питер Гриффитс. Оның айтуынша, ел БҰҰ-ның тергеуіне жан-жақты көмек көрсетуде, деп хабарлайды ATAMEKEN BUSINESS.