Кіру

Басты бет >
Куала-Лумпур мен Бангкоктан Қазақстанға рейс ашылуға дайындалуда

27/10/2022

Малайзиялық Air Asia Aviation Group компаниялар тобының өкілдері Куала-Лумпур мен Бангкоктан Қазақстанға рейстер ашу жоспарын растады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Бірінші кезеңде Куала-Лумпурдан Air Asia X және Бангкоктан Thai Air Asia X Алматыға рейстерді ашатыны хабарланды. Әр бағыт бойынша аптасына төрт рет ұшуды жүзеге асыру жоспарлануда. Екінші кезеңде Астанаға аптасына үш рейс жиілігімен рейс ашылады.

tengritravel.kz