«Күтуден шаршадық». Bek Air апатына екі жыл болды, тергеу жалғасуда
27/12/2021
2019 жылдың 27 желтоқсанында таңертең Bek Air Fokker 100 жолаушылар ұшағы Алматыдан елордаға ұшуы керек еді. Ұшып кетпек болған кезде биіктіктен айырылып, бетон қоршауды бұзып өтіп, салынып жатқан екі қабатты үйге соғылады. Экипаж командирін қосқанда 12 адам қаза тауып, тағы 69 адам жарақат алды. Екінші ұшқыш бір айдан кейін үйінде өкпе тромбоэмболиясынан қайтыс болды.