Еуропалық комиссия Қазақстандағы қауіпсіздік жағдайының жақсарғанын атап өтті
07/06/2021
Еуропалық комиссияның Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитетінде Қазақстанның Авиация әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азаматтық авиация комитетінің қызметі бойынша тыңдаулар өтті. Отырыс барысында Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін қадағалау жағдайы, сондай-ақ елімізде сертификатталған авиатасымалдаушылардың жағдайы жан-жақты қаралды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне сілтеме жасап хабарлайды.