Кіру

Басты бет
Cathay Pacific 2027 жылдан бастап Гонконг пен Алматы арасында тікелей әуе қатынасын ашады

02/06/2026

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов пен Қытай Халық Республикасы Гонконг Арнайы әкімшілік ауданының Басшысы Джон Лимен кездесуі барысында Гонконг – Алматы – Гонконг бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашу жоспары туралы айтылды. 2027 жылдың 1 тоқсанынан бастап Cathay Pacific әуе компаниясы тікелей рейстерді ашуды жоспарлап отыр. Кездесуге Cathay Pacific компаниясының клиенттермен жұмыс және коммерциялық мәселелер жөніндегі директоры Лавиния Лау да қатысты. Әуе тасымалдаушысының жоспарына сәйкес, ұшулар Airbus A330-300 кең фюзеляжды әуе кемелерімен аптасына үш рет жиілікпен жүзеге асырылады. Жаңа бағыт Гонконг пен Қазақстан арасындағы жалғыз тікелей әуе қатынасы болмақ. Cathay Pacific – Гонконгтың флагмандық әуе компаниясы. Ол Гонконг халықаралық әуежайында орналасқан және әлем бойынша 200-ден астам бағытқа тұрақты жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асырады. Рейстердің ашылуы Қазақстан, Гонконг және Азия-Тынық мұхиты аймағы арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және туристік байланыстарды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ елдің халықаралық маршруттық желісін кеңейтуге ықпал ететін болады.