02/08/2024
2019 жылы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің бастамасымен авиация саласындағы жағдайды түбегейлі жақсарту үшін Қазақстанның авиациялық әкімшілігі құрылды. Бүгін Қазақстанның авиация саласына ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын ҚАӘ өзінің алғашқы бес жылдығын қорытындылайды, деп хабарлайды "24KZ" Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне сілтеме жасап. ҚАӘ қызметі азаматтық авиацияны реттеудің еуропалық моделіне бағытталған, ол әлемдегі ең озық және ең тиімді тәсілдердің бірі болып табылады, ИКАО стандарттарына және ұсынылған тәжірибеге толық сәйкес келеді.