Қазақстанның авиациялық әкімшілігі саланы цифрлық реттеу жүйесін жасайды
15/04/2020
Халықаралық компания Қазақстанға түрлі бизнес тапсырмалары үшін «Цифрлық реттеуші» бағдарламасын жасауға көмектеседі
НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір - Sputnik. «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ (АӘК) BusinessOptix компаниясымен (АҚШ, Ұлыбритания) авиация саласында цифрлық реттеу жүйесін құру туралы келісімге қол қойды.
BusinessOptix Қазақстанға корпоративтік тәуекелдер мен сәйкестік стратегияларын әзірлеу үшін «Цифрлық реттеуші» бағдарламасын құруға көмектеседі. Бұл болашақта оңтайлы операциялық құрылымды жобалауға және қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.