Кіру

Басты бет >
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Ми-8 тікұшағын пайдаланатын барлық әуе компанияларын тексереді

24/02/2023

ҚР Авиация әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиапас» мекемесіне тиесілі Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауына байланысты операциялық орталықтың шұғыл отырысын өткізді. Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, авиация әкімшілігі мұндай тікұшақтарды пайдаланатын барлық авиакомпанияларды тексеруді көздеп отыр.

«Операциялық орталық АӘК апаттық жоспарын іске қосты, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады және тергеуге құжаттарды дайындады», - делінген хабарламада.

vlast.kz