Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен EASA арасында ұшу қауіпсіздігі саласындағы келісімге қол қойылды
21/12/2023
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі үйлестіруімен, Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі (EASA) және Қазақстанның авиациялық әкімшілігі (ҚАӘ) Қазақстанның әуе көлігі саласындағы қауіпсіздік стандарттарын жақсартуға, реттеу тиімділігін арттыруға, оларды халықаралық және ЕО стандарттарына сәйкестендіру және осы мақсаттарға жету үшін EASA сәтті үлгісін пайдалануға мүмкіндік беретін келісімге қол қойды, деп хабарлайды Qazaq.today.