Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен Boeing серіктестік туралы меморандумға қол қойды
18/11/2022
Азаматтық авиация комитеті мен «Қазақстанның Авиация әкімшілігі» АҚ «Боинг» компаниясымен бірлесіп Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінің көмегімен авиакомпанияларды жоспарлау бойынша семинар ұйымдастырып, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды BaigeNews.kz.
Шара 14-18 қараша аралығында Астана қаласында өтті. Оның мақсаты – қазақстандық азаматтық авиация саласының әлеуетті болашақ таланттарын жинау және бизнестің болашақ дамуы мен табысы үшін мүдделі тараптарды біріктіру.