Кіру

Басты бет >
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Bek Air әуе компаниясының пайдаланушы сертификатын қайтарып алды

17/04/2020

Сондай-ақ әуе компаниясының барлық тоғыз әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаттары жойылды.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Bek Air әуе кемелерін пайдаланушы және ұшуға жарамдылық сертификаттарын қайтарып алды, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Авиация әкімшілігі жіберген бұзушылықтарды жою туралы нұсқауларды әуе компаниясы орындамағаны үшін пайдаланушының сертификаты қайтарылып алынды. Сондай-ақ авиакомпания пайдаланатын барлық тоғыз Fokker ұшағының ұшуға жарамдылық сертификаттары жойылды.

informburo.kz