Кіру

Басты бет
Қазақстаннан бірден бірнеше елге жаңа тікелей рейстер ашылады

26/02/2026

2026 жылғы наурыз айынан бастап Қазақстаннан жаңа халықаралық рейстер іске қосылады. Кестеде Азия, Таяу Шығыс және Еуропа елдеріне бағыттар бар. Рейстерді қазақстандық әуе компанияларымен қатар шетелдік тасымалдаушылар да орындайды, деп хабарлайды Tengri Travel.

Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, алғашқы жаңа бағыттардың қатарында Алматы мен Астанадан Салалаға (Оман) қатынайтын рейстер бар. Air Astana оларды 9 наурыздан бастап орындауды жоспарлап отыр.

Ал 17 наурыздан бастап FlyArystan жолаушылары Алматы – Самарқанд бағыты бойынша ұша алады. 29 наурыздан бастап SCAT әуе компаниясы Шымкент – Бішкек рейсін, ал Air Astana Алматы – Шанхай рейсін ашады.

SCAT сондай-ақ 19 мамырдан бастап Шымкент – Новосібір (Ресей) бағыты бойынша рейстерді бастайды. Ал LOT Polish Airlines 31 мамырдан бастап Алматы – Варшава рейсін іске қосады.

tengrinews.kz