Кіру

Басты бет >
Қазақстандықтар ұшаққа құжатсыз отыруға мүмкіндік алады

06/12/2023

Қазақстанның әуежайларында халықаралық рейске құжатсыз отыруға мүмкіндік беретін арнайы жүйе енгізіледі.

Бұл туралы ИКАО Халықаралық азаматтық авиация ұйымының қолдауымен Алматыда өтіп жатқан аймақтық симпозиумда айтылды. Жиында жолаушыларды бет-әлпеті арқылы сәйкестендіру бағдарламасының артықшылықтары талқыланды. Бұл олардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік бермек. Яғни, жолаушыға тіркеу және шекаралық бақылау пункттеріне барудың қажет болмайды. Тек арнайы аркадан өтсе болды. Онда адамның бетіне сканер жасалып, барлық ақпарат арнайы база арқылы шығып тұрады. Жобаны іске қоса үшін алдымен азаматтардың биометриялық мәліметтеріне қол жеткізу керек. Ол үшін шекара, кеден қызметі және авиакомпанияларды бір жүйеге тоғыстыру керек.

qazaqstan.tv