Қазақстандықтар ішкі рейстерде цифрлық ID пайдалана алады
20/12/2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау аясында еліміздің барлық әуежайларында цифрлық құжаттама қызметі (eGov Mobile) енгізілді. Осы қызметтің арқасында ішкі рейстердің жолаушылары жеке деректерін растау үшін eGov Mobile қосымшасы арқылы цифрлық жеке куәлігін көрсетуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.