Қазақстандықтар БАӘ-ге жиі ұшатын болады
23/01/2023
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы әуе рейстерінің саны артып келеді. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне 2023 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінде хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 15-17 қаңтарда БАӘ-ге жасаған сапарының қорытындысы бойынша авиация билігі екі ел арасындағы рейстер санын арттыруға келісті.