Кіру

Басты бет >
Қазақстандық әуе компаниясы Шымкенттен Үндістан астанасына рейс ашты

12/04/2023

Қазақстандық лоукостер FlyArystan әуе компаниясы Шымкенттен Делиге және кері қарай тағы бір халықаралық бағыт ашады, ұшақтар аптасына екі рет – дүйсенбі және бейсенбі күндері ұшатын болады. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Әуе компаниясының хабарлауынша, 25 мамырға арналған билеттерді сату FlyArystan мобильді қосымшасында және компанияның сайтында қазірдің өзінде қолжетімді.

kursiv.media