Қазақстандық әуе компаниялары жыл басынан бері 9 миллионға жуық адамды тасымалдаған
07/12/2022
АСТАНА, 7 желтоқсан - Sputnik. Ағымдағы жылдың 10 айында қазақстандық әуе компаниялары 9 миллионға жуық адамды тасымалдады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16 пайызға артық.
Атап айтқанда, «Эйр Астана» әуе компаниясының жолаушылар ағыны шамамен 3,4 миллион адамды, FlyArystan - шамамен 2,6 миллион адамды, SCAT - 2,4 миллион адамды және Qazaq air - 500 мың адамды құрады, деп хабарлады ҚР ИДМ баспасөз қызметі.