Кіру

Басты бет >
Қазақстан мен Румыния авиация саласындағы кадрларды даярлау мәселесін талқылады

16/03/2023

Қазақстан Елшісі Нұрбах Рүстемов Румыния Президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Ион Опричормен кездесті, оның барысында барлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту бойынша нақты іс-қимылдар талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасының істері

Жоғары деңгейдегі сапарларды ұйымдастыру, сауда-экономикалық байланыстардың әлеуетін ашу, транзиттік-көлік ынтымақтастығын дамытуға белсенді жәрдемдесу, сондай-ақ авиация саласында тәжірибе алмасу және кадрларды даярлау басты талқылау тақырыбы болды. Н.Рүстемов елдеріміз арасындағы ашық және өзара тиімді достық қарым-қатынастар жыл сайын әртараптанатын тауар айналымының артуына әкеліп соққанын атап өтті.

el.kz