Қазақстан мен Пәкістан арасында тікелей әуе қатынасы 2023 жылы ашылады
23/12/2022
Қазақстандық Scat әуе компаниясы 2023 жылдың наурыз айынан бастап Пәкістанға тікелей рейстерді орындайды. Бұл туралы Исламабадта өткен Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі 11-ші кездесуде белгілі болды.
Пәкістан астанасында Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин және Қазақстан Республикасы Индустрия министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев қатысты. Комитет басшысы Пәкістанның Азаматтық авиация басқармасының бас директоры Хакан Мұртазамен кездесті.