Қазақстан мен Литва тікелей әуе қатынасын ашуға дайындалуда
13/10/2021
Нұр-Сұлтанда Литва азаматтық авиациясының басшылығы мен Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация комитеті арасында Нұр-Сұлтан – Вильнюс және Алматы – Вильнюс тұрақты әуе бағыттарын ашу, сондай-ақ екіжақты келісімді тағайындау мәселелері бойынша консультативтік кездесу өтті. Венгриялық Wizz Air әуе компаниясы осы бағыттардың операторы ретінде. Әуе рейстерін ашудың жоспарланған мерзімі – 2022 жылдың бірінші тоқсаны, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ИДМ).