Кіру

Басты бет >
Қазақстан коронавирусқа байланысты қандай рейстерді тоқтатты

04/03/2020

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат 2020 жылдың 3 наурызынан бастап «ҚР Авиация әкімшілігі» АҚ базасында коронавирусқа қатысты жағдайды бақылауға бағытталған ситуациялық орталық жоспар бойынша жұмыс істей бастады. Орталық Қазақстан тұрақты және тұрақты емес рейстері бар елдерде ауру жұқтырған адамдардың статистикасына бақылау жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстанда коронавирустың таралуын болдырмау үшін шаралар қабылдауда. 2020 жылдың 1 наурызынан бастап келушілерге карантиндік шаралар қолданылатын елдердің тізбесін кеңейте отырып, күшейтудің 4-ші кезеңі енгізілді», - делінген Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация комитетінің Facebook желісінде жарияланған хабарламасында.

www.inform.kz