AYK авиациялық коды – Арқалыққа тиесілі: ол небәрі үш күнде берілді
14/08/2026
Арқалық қаласының әуежайына халықаралық әуе коды - AYK берілді. Кодты Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) ресми түрде бекітті. Енді қала жаһандық брондау, әуе билеттерін сату және рейстер кестесі жүйелерінде көрсетіле алады. Айта кетерлігі, әдетте екі айға дейін уақыт алатын бұл рәсім бұл жолы небәрі үш күнде аяқталған.
Әуе кодын алу - 30 жылдан астам уақыт бойы тұрақты жолаушылар рейстеріне қызмет көрсетпеген әуежайды қалпына келтіру жұмыстарының кезеңдерінің бірі. Қазір нысан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қайта жаңғыртылып жатыр. Әуежай алғашқы жолаушыларын жақын арада қабылдайды. Бұл туралы бізге Көлік министрлігінен хабарлады.