Кіру

Басты бет >
АУАНЫ БАСҚАРУ

28/04/2021

Нарыққа оралу үшін еліміздегі қызметі тоқтатылған авиакомпаниялар қателермен жұмыс істеуі керек. Қалай болғанда да, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі барлық операторларға ұшуды қалпына келтіруге рұқсат бермейді. Олардың арасында сертификаттары қайтарылып алынған үш авиатасымалдаушы бар. Бұл Sigma, JENIS және AZEE AIR. Олар БҰҰ санкцияларын бұзды. Бұл туралы авиациялық әкімшіліктің бас директоры Питер Гриффитс мәлімдеді. Өткен жылы барлығы 65 тексеру жүргізілген. Нәтижесінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін сегіз компанияға ұшуға тыйым салынды. Олардың көпшілігі жолаушы тасымалдамаған. Еске салайық, бұған дейін қазақстандық ең ірі әуе компанияларының бірі Bek Air компаниясының сертификаты да қайтарып алынған болатын.

24.kz