Кіру

Басты бет
Air Astana Астана мен Алматыдан Кипрге тікелей рейстерді іске қосады

02/06/2026

Рейстер аптасына екі рет орындалады.

2026 жылғы 2 маусымнан бастап Air Astana Астана – Ларнака бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашады. 4 маусымнан бастап әуе компания Алматы – Ларнака бағыты бойынша рейстерді іске қосады, деп хабарлайды Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Кипрге бағытталған рейстер әр бағыт бойынша аптасына екі рет Airbus A321LR әуе кемелерімен орындалады.

 

«Әуе қатынасының іске қосылуы елдер арасындағы іскерлік, сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді», – деп атап өтті Азаматтық авиация комитеті.

kapital.kz