Әділжан Сұлтанов
Лицензиялау департаментінің директоры - бас авиациялық инспектор
Әділжан Сұлтанов Азаматтық авиация академиясын «Әуе қозғалысын басқару» мамандығы бойынша, «Парасат» Қазақстан көпсалалы институтын «Менеджмент» мамандығы бойынша, сондай-ақ Киев авиациялық институтын «Әуе көлігіндегі басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. Авиация индустриясында түрлі лауазымдарда 17 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Салалық нормативтік базаны әзірлеуге, лицензиялау және авиациялық персоналды кәсіби даярлау саласындағы жобаларды іске асыруға белсенді қатысқан. ҚР азаматтық авиация соғыс және еңбек ардагерлері ұйымынан «Еңбек сіңірген авиация қызметкері» белгісінің, ҚР Көлік министрлігінің «Құрмет» ведомстволық грамоталарының, сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатының иегері. Бұған дейін РМК «Қазаэронавигация» бас директорының кеңесшісі қызметін атқарған.