21/12/2020
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі “Жолаушыларға қызмет көрсету сапасы және ҚР әуежайларында жекелеген қызмет түрлерінің қолжетімділігі. Жыл қорытындысы”. Кеңеске жолаушылар және жүк тасымалы қызметтерінің басшылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуежайларының аэровокзал кешеніне жауапты тұлғалар қатысты.
Кеңес барысында ағымдағы жылы жүргізілген сертификаттық тексерулер мен инспекциялық тексерулер мәселелері талқыланды. Әкімшілік тарапынан құжат айналымын енгізу, қызметкерлердің сыртқы келбеті мен қарым-қатынас мәдениетіне қойылатын талаптар бойынша ұсыныстар берілді. Талқылаудың маңызды тақырыптарының бірі жолаушыларға ыңғайлы болу және қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін мобильді отырғызу талондары үшін есептеуіш құрылғыларды сатып алу және орнату сияқты заманауи технологияларды енгізу болды.
Кеңестің екінші бөлімінде мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға және психикасы бұзылған жолаушыларға қызмет көрсету мәселелері талқыланды. “Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы” АҚ жолаушылар тасымалы бөлімшесі бастығының орынбасары Л.Сағиева Нұр-сұлтан қаласының әуежайында психикасы бұзылған жолаушыларға қызмет көрсету қолайлылығы үшін ланьярдтарды енгізу бойынша таныстырылым көрсетті.
Сонымен қатар, кеңес өткізу барысында “Turkistan International Airport” ЖШС тасымалдауды ұйымдастыру қызметінің бастығы С.Баймурзаев Тәуелсіз Қазақстан Республикасында – Түркістан қаласы Әуежайында “нөлден” салынған бірінші әуе айлағының жолаушылар терминалының жұмыс істеуі бойынша демонстрация өткізді.
Қорытынды бөлімде Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар талқыланды, онда жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсарту және тасымалдау қызметінің персоналын оқыту бойынша ұсыныстармен тасымалдау қызметтерінің басшылары белсенді қатысты, атап айтқанда “Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 189 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша әуежайлар мен ҚАӘ жолаушылардың барлық санаттары үшін әуе көлігімен тасымалдау бойынша барлық қажетті жағдайларды жасау бойынша бірлесіп өзара іс-қимыл жасау туралы шешім қабылдады.