15/07/2021
Жолжүк пен қол жүгін алып жүрудің нормалары мен ережелері бойынша сұрақтар жолаушылардың сұраныстарының арасында ерекше өзектілікке ие. Осыған байланысты “Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ жолаушыларға арналған жиынтық ақпаратты және әуе көлігінде жолжүк пен қол жүгін алып жүру қағидалары бойынша жалпы ұсынымдарды жариялауды жөн көрді.
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңның 76-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес жолаушыларды, жолжүкті және жүктерді коммерциялық әуемен тасымалдау әуе билеті негізінде жүзеге асырылады, бұл жолаушының әуемен тасымалдау шартының талаптарымен танысқанын растау болып табылады. Қол жүгі мен жолжүкті тегін алып жүрудің салмағын, өлшемдерін және нормаларын Әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларының 59, 62-тармақтарына сәйкес авиакомпания белгілейді.
Багажды тіркегеннен кейін авиакомпания оның сақталуына жауап береді. Жолаушыға жолжүк нөмірі бар бирканың үзбелі талонын жолжүк жеткізу бекетінде алынғанға дейін сақтау керек.
Жолжүк кешіктірілген, жетіспеген, бүлінген немесе жоғалған жағдайларда, сондай-ақ багаж түбіртегі мен жолжүк нөмірі бар бирканың үзбелі талонын көрсетпей жолжүк берілген жағдайда тасымалдау кезінде ақаулық туралы акт толтырылады.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі топтар қатарындағы жолаушылар жеке пайдалануға арналған зембілдерді және кресло-арбаны өзімен бірге жолжүк ретінде қосымша тегін алып жүре алады.
Жолжүкті, қол жүгін, сондай-ақ арнайы жолжүкті алып жүру қағидалары мен нормалары бойынша егжей-тегжейлі ақпарат авиакомпаниялардың ресми веб-сайттарында жарияланады.
Ішкі рейстерде жолжүкті тасымалдау кезінде туындаған даулар жергілікті заңнама шеңберінде қаралады. Халықаралық бағыттар бойынша шарт шеңберінде авиакомпаниялардың жолаушылар алдындағы жауапкершілігі қатысушы авиатасымалдаушылардың қағидаларымен реттеледі және туындаған барлық даулар қатысушы тараптар мемлекеттері ратификациялаған конвенциялар мен халықаралық келісімдердің ережелеріне сәйкес қаралады.
Отандық əуекомпанияларының қол жүгі мен багажды әуетасымалдау шарттары мен нормалары
Шетелдік əуекомпаниялардың қол жүгі мен багажды әуетасымалдау шарттары мен нормалары