Кіру

Басты бет >
Жаңалық #7

19/09/2019

Қостанай қаласының әуежайында ұшу-қону жолағына әуе кемелерін қабылдауға және жөнелтуге уақытша рұқсат беру мәселесі бойынша кеңес өтті. Кеңеске "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ, «Қостанай халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы, "Қазаэронавигация" РМК және "Казахдорстрой"ЖШС Қостанай филиалының өкілдері қатысты.


Кеңеске қатысушылар әуеайлақта тексеру жүргізді және ұшу-қону жолағында қауіпсіздіктің жанама жолақтарын жайластыру бойынша жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. "Казахдорстрой" ЖШС Қостанай филиалының директоры Михаил Бабхоевтің хабарлауынша, жұмыстар ағымдағы жылдың 26 қыркүйегіне дейін аяқталады.


Жұмыстар аяқталғаннан кейін "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ мамандары ұшу-қону жолағын әуе кемелерін қабылдауға және жөнелтуге уақытша рұқсат беру туралы шешім қабылдау мақсатында әуеайлақты қайта тексереді.