17/09/2019
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі АҚ-ның Ауыр әуе кемелері басқарма басшысы – бас авиациялық инспектор Игорь Петяшин Airbus А321/А320neo әуе кемесінің жағдайы туралы түсініктеме берді.
Air Astana қазіргі уақытта Airbus А321/А320neo типті 8 әуе кемесін (2016 жылдың соңынан бастап) пайдаланады. Ұшақ инновациялық технологиялар негізінде құрастырылған және әуе кемесінің маңызды жүйелерінің бірі – ол жанармайды аз шығындаумен жоғарғы қуатқа жетуге мүмкіндік беретін жаңартылған қозғалтқышпен жабдықталған. Осыған байланысты қозғалтқыштың құрылымы бұл көрсеткіштерге қол жеткізу үшін күрделенуіне байланысты, пайдаланудың алғашқы жылдарында Airbus ұшақтарында да, Boeing ұшақтарында да конструктивтік өндірістік кемшіліктер білінеді. Өндіруші зауыттың операторлардан алған ақпараттарына байланысты бұл үлгі үнемі жетілдіріліп отырады. Қазақстанда осы қозғалтқыштарды пайдалану барысында анықталған негізгі кемшіліктер - төмен қысымды компрессордың таяқшалары және май жүйесі жетектерінің қорабы болып табылады.
Қазіргі уақытта май жүйесінің жетектері қорабының жетіспеушілігі толығымен жойылды. Air Astana әуе компаниясында бұл агрегат қазіргі уақытта жетілдірілген нұсқада орнатылуда. Сондай-ақ, авиакомпания Airbus Pratt&whitnеу-мен бірге қозғалтқыш компрессорының таяқшаларын күшейтілген қалыпқа ауыстыру жұмыстарын жүргізуде. Әуе кемелерінің жаңа модельдері толығымен пысықталған қозғалтқыштармен келуде.