12/09/2019
11-қыркүйекте Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде «RoBird» жоғары технологиялық құрылғысының таныстырылымы өтті. Құрылғының қызметі - сұңқардың сақ әрі қырағы қасиеттерін меңгеру арқылы авиацияға қауіп төндірмеу мақсатында ұшақтың құстармен қақтығыспауын қамтамасыз ету.
«Qazaqstan Unmanned Aviation System» компаниясы Нидерландтың CFS компаниясымен серіктесе отырып, әуежай өкілдеріне, авиациялық қауіпсіздік қызметі мен авиациялық инспекторларға құрылғының жұмысын көрсетті. «Robird» әуежай аспанының маңын күзетеді. «Robird» құстарды шабуылдамайды. Оның міндеті - құстарға жақын маңдағы қауіпті ескерту, оларды әуежайдан алыс қашықтыққа алып кету және қауіпсіз аймақты мекендеуге үйрету», - деді құрастырушы Ян Ван Эйкель.
Тәжірибедегі жемісті нәтижелер құстардың түрлеріне және жыл мезгілдеріне байланысты қауіпсіздік аймағында құстардың шоғырлануы 95%-ке дейін төмендегенін көрсетеді. Қауіпсіздік шарасы ретінде «Robird» ұшу-қону жолағын асып кетпеу үшін GPS жүйесімен жабдықталған. Ұшу ұзақтығы 15 минутқа дейін, биіктігі 10 мың футқа дейін жетеді.
Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) мәліметтері бойынша құстардың қақтығысуымен болатын барлық апаттың 90%-ті аэродромдар маңында 1000 метрге дейінгі биіктікте ұшу кезінде болады. Ұшу қауіпсіздігін арттыру ИКАО-ның негізгі стратегиялық мақсаты. Ұшу қауіпсіздігі сияқты маңызды салада бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету - Қазақстан авиациялық әкімшілігінің негізгі қызметі.