Кіру

Басты бет >
Жаңалық #2

09/09/2019

5-6 қыркүйекте Алматы қ. «Азаматтық авиацияның адам саудасын анықтау және оған әрекет ету саласындағы рөлі» туралы семинар өтті. Семинарды Азаматтық авиация комитетінің қолдауымен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы ұйымдастырды. Семинарға «Қазақстан Авиациялық әкімшілігі» АҚ Авиациялық қауіпсіздік департаментінің директоры Дархан Катышев және аға авиациялық инспектор Ардақ Беделбаев, сонымен қатар отандық авиакомпаниялардың, әуежайлар мен авиациялық оқу орталықтарының өкілдері қатысты.


Семинарда авиация профайлингі, авиациялық персоналмен адамның сыртқы сипаттамалары және мінез-құлқын (адамның вербальды және вербальды емес мінез-құлқы) бағалау бойынша ұшу және жердегі адам саудасының құрбандарын анықтау мәселелері талқыланды. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға тиісті сертификаттар табысталды.


Көп жағдайда адам саудасының құрбандарын сату әуе арқылы жүзеге асырылады, осыған байланысты авиациялық персоналдың осындай фактілерді анықтауда және алдын алудағы рөлі екі есе артады.