Кіру

Басты бет >
Жаңалық #1

06/09/2019

Бүгін «Қазақстан авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директоры Питер Гриффитс «Эйр Астана» әуе компаниясының президенті Питер Фостермен кездесті. Кездесу барысында ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Авиация саласын мемлекеттік реттеудің халықаралақ моделіне көшу және Қазақстанның авиациялық әкімшілігін құру әуе тасымалының қауіпсіздігі сияқты маңызды салада бақылау мен қадағалауды қамтамасыз етеді. Оның нәтижелері ИКАО талаптарына сәйкес келуге, ұшу қауіпсіздігі деңгейінің 80 пайыздық мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қазақстан Ұлыбританияның ИКАО ұшу қауіпсіздік стандарттарын жоғары деңгейде сақтауына назар аударады, онда бұл көрсеткіш 93 пайыздан асады.