15/12/2025
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі әуе қатынастарының географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Осы жұмыс аясында биылғы жылдың 15 желтоқсанынан бастап қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы Шымкент қаласынан Бангкок пен Тбилиси қалаларына бірден екі жаңа халықаралық бағытты ашты.
Шымкент – Бангкок бағыты бойынша рейстер аптасына 2 рет (дүйсенбі және бейсенбі күндері) Boeing 737 MAX 8 және Boeing 737-800 үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады.
Шымкент – Тбилиси бағыты бойынша ұшулар да аптасына екі рет (дүйсенбі және жұма күндері) Boeing 737 MAX 8 және Boeing 737-800 әуе кемелерімен жүзеге асырылады.
Жаңа әуе бағыттарының ашылуы Қазақстан Республикасы, Таиланд және Грузия арасындағы сауда-экономикалық, туристік және іскерлік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтілуде.