14/09/2026
ҚР Көлік министрлігінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың Шығыс Қазақстан облысына –Зайсан және Қатонқарағай әуежайларының құрылыс нысандарына жұмыс сапары өтті.
Жұмыс сапарына сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Баяхметов, «Қазаэронавигация» РМК-ның бас директоры ФаатБогдашкин, Қазақстанның авиация әкімшілігінің бас атқарушы директоры Майкл Дэниел, ШҚО Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсалимқызы, сондай-ақ мердігер құрылыс ұйымдарының өкілдері қатысты.
Нысандарды аралау барысында құрылыс-монтаж жұмыстарының ағымдағы қарқыны, әуеайлақ және әуевокзал инфрақұрылымының негізгі нысандарының дайындық деңгейі, сондай-ақ әуежайларды пайдалануға енгізуге әрі қарай дайындау мәселелері қарастырылды.