14/11/2026
Көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасарыБақытжан Баяхметов салынып жатқан Зайсан жәнеКатонқарағай әуежайларына барды.
Зайсан әуежайында ұшу-қону жолағының, перронның, рульдеу жолының, кірме жолдардыңжәне негізгі инженерлік желілердің құрылысы, сондай-ақ жарық-сигналдық жәнерадионавигациялық жабдықтарды орнатужұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта әуежай инфрақұрылымы нысандарының ғимараттарындаәрлеу жұмыстары, жабдықтарды монтаждау жәнеіске қосу-баптау жұмыстары жалғасуда.
Жобаны іске асырудың қорытындыкезеңдерінің бірі – Қазақстанның авиациялықәкімшілігі жүргізіп жатқан Зайсан аэродромынсертификаттау рәсімінің басталуы.
Катонқарағай әуежайында да ұшу-қонужолағының, перронның, рульдеу жолының жәнеблокты-модульдік қазандықтың құрылысы, сондай-ақ республикалық маңызы бар автомобиль жолынкөшіру жұмыстары аяқталды.
Қазіргі уақытта инженерлік желілерді тарту, тазарту құрылыстарын салу, әуежай инфрақұрылымы нысандарының ғимараттарынәрлеу және аэронавигациялық жабдықтардымонтаждау жұмыстары жалғасуда.