Кіру

SEC2026 Жаһандық симпозиум ИКАО авиациялық қауіпсіздік аптасы 2026 20–22 қазан
Астана
→
SEC2026 ИКАО авиациялық қауіпсіздік аптасы 2026 20–22 қазан · Астана →
Басты бет
«Заң және тәртіп»: авиациялық қауіпсіздік жауапкершіліктен басталады

09/10/2026

2026 жылғы 20–22 қазан аралығында Астана қаласында ICAO Security Week 2026 өтеді. Бұл – авиациялық қауіпсіздік пен киберқауіпсіздік саласындағы маңызды халықаралық іс-шаралардың бірі.

Іс-шара заманауи сын-қатерлерді талқылау және жаһандық авиациялық қауіпсіздік жүйесін одан әрі дамыту мақсатында мемлекеттердің, авиация саласының және халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктіреді.

Қазақстанда құқықтық мәдениетті нығайтуға, белгіленген талаптарды сақтауға және жауапкершілікті арттыруға бағытталған «Заң және тәртіп» конституциялық қағидатын ілгерілету жөніндегі жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде.

Азаматтық авиация үшін «Заң мен Тәртіп» қағидатының тікелей практикалық маңызы бар.

Авиациялық қауіпсіздік, ең алдымен, белгіленген қағидалар мен рәсімдерді мүлтіксіз сақтауға, кәсіби тәртіпке, персоналдың құзыреттілігіне және авиациялық жүйенің әрбір қатысушысының жауапкершілігіне негізделеді.

Дәл осы мәселелер ICAO Security Week 2026 бағдарламасында көрініс тапқан. Негізгі тақырыптардың қатарында аудит нәтижелерінен жүйенің мүмкіндіктерін тұрақты арттыруға көшу, тасымалдар қауіпсіздігі, авиация саласындағы киберқауіпсіздік, өзгермелі қатерлер жағдайында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік жүйелерін орнықты дамыту мәселелері бар.

Осылайша, халықаралық іс-шараның тақырыптары «Заң мен Тәртіп» қағидатының мазмұнымен тікелей үндеседі.

Қауіпсіздік тек технологиялар мен бақылау шаралары арқылы ғана емес, сонымен қатар белгіленген талаптарды күнделікті сақтау, өз міндеттерін жауапкершілікпен орындау және орнықты қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру арқылы қамтамасыз етіледі.

ICAO Security Week 2026 іс-шарасын ақпараттық сүйемелдеу аясында іс-шара өтетін алаңда «Заң мен Тәртіп – Қауіпсіз Қазақстан үшін!» атты ақпараттық-үгіт материалдары орналастырылады.

Бұл материалдар қарапайым әрі маңызды өзара байланысты көрсетуге бағытталған: қағидаларды сақтау, жауапкершілік пен тәртіп – жалпы қоғамдағы сияқты азаматтық авиациядағы қауіпсіздіктің де қажетті шарттары.

Астанада ICAO Security Week 2026 іс-шарасының өткізілуі белгіленген қағидаларды мүлтіксіз сақтау, кәсіби мәдениет пен авиациялық қауіпсіздік арасындағы өзара байланысты тағы бір мәрте атап көрсетуге, сондай-ақ Қазақстанның авиациялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейілділігін көрсетуге қосымша мүмкіндік береді.