16/10/2026
Әуе кемесінің бортындағы тәртіп бұзушылық – жай ғана тәртіп ережелерін сақтамау емес, ұшу қауіпсіздігіне, экипаж мүшелері мен жолаушыларға төнетін ықтимал қауіп.
Әуе кемесінің бортында темекі шегуге, оның ішінде электрондық темекіні пайдалануға, сондай-ақ алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салынатынын еске саламыз.
Мобильді құрылғыларды авиакомпания талаптары мен экипаж нұсқауларына сәйкес ұшу режиміне ауыстыру қажет.
Борттағы тәртіп ережелерін сақтау, айналадағы адамдарға құрмет көрсету және экипаж нұсқауларын орындау – әрбір жолаушының жауапкершілігі. «Заң мен тәртіп» қағидасы барлығына қатысты болуы керек.
Қауіпсіз ұшу – баршамызға ортақ жауапкершілік!