Кіру

SEC2026 Жаһандық симпозиум ИКАО авиациялық қауіпсіздік аптасы 2026 20–22 қазан
Астана
→
Басты бет
«Заң мен тәртіп» қағидаты Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінде талқыланды

02/10/2026

Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасына енгізілген өзгерістерді түсіндіруге, Іскерлік әдеп кодексі мен еңбек қатынастары нормаларын сақтауға, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыруға арналған кеңес өтті.

Кездесу барысында Қоғам Омбудсмені Дархан Еспотанов ұйымның басшылық құрамының назарын күнделікті жұмыста іскерлік әдеп нормаларын, адалдықты, өзара құрмет пен заңдылықты сақтаудың маңыздылығына аударды. Құқық бұзушылықтардың алдын алу және лауазымдық өкілеттіктерді жеке мүддеге пайдалануға жол бермеу қажеттігіне ерекше назар аударылды. Бұл қағидаттарды азаматтық авиация субъектілерінде инспекциялық және қадағалау іс-шараларын жүргізу барысында да орнықтыру қажет екені атап өтілді.

Комплаенс-офицер Бақытжан Қабдолданов қызметкерлерге 2026 жылы енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер, сондай-ақ 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа талаптар туралы ақпарат берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерге қатысты мүдделер қақтығысына, сыйлықтар мен сыйақыларды алуға, заңды тұлғаларды басқаруға қатысуға және қызметтік өкілеттіктерді пайдалануға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ қызметкерлерге мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеудің жаңа тәртібі түсіндірілді. Ол жеке мүдделілікті уақтылы жария етуді және тиісті шаралар қабылдауды көздейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-функцияның тәуелсіз жүзеге асырылатыны атап өтілді. Қызметкерлер заңнама талаптарын сақтау, мүдделер қақтығысы және ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша комплаенс-офицерге жүгіне алады.

Кеңеске қатысушылар «Заң мен тәртіп» қағидаты ең алдымен әрбір қызметкердің күнделікті жұмысында – заңнама талаптарын сақтау, өз міндеттерін жауапкершілікпен орындау, белгіленген рәсімдерді сақтау және әріптестерге құрметпен қарау арқылы іске асырылатынын атап өтті.