Кіру

Басты бет
Қытаймен әуе қатынасы кеңеюде

03/06/2026

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті халықаралық ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер жиілігін арттыру бағытында тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. 2026 жылғы 2 маусымнан бастап «Air Astana» әуе компаниясы «Airbus-A321LR» үлгісіндегі әуе кемелерімен аптасына 2 рет (сейсенбі және бейсенбі күндері) жиілікпен Астана – Гуанчжоу бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауға кірісті. Астана және Гуанчжоу қалалары арасында әуе қатынасының ашылуы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.