Кіру

SEC2026 Жаһандық симпозиум ИКАО авиациялық қауіпсіздік аптасы 2026 20–22 қазан
Астана
→
SEC2026 ИКАО авиациялық қауіпсіздік аптасы 2026 20–22 қазан · Астана →
Басты бет
ҚАӘ қысқы жағдайларда ұшу қауіпсіздігін арттыру мақсатында халықаралық сарапшылық ынтымақтастықты нығайтуда

28/10/2026

 

Канаданың Монреаль қаласында SAE International ұйымының G-12 техникалық тобының отырысы өтті. Бұл алаң әуе кемелерін жерде мұздануға қарсы өңдеуге қатысты техникалық стандарттарды, нұсқаулықтар мен әдістемелерді әзірлеуге және өзектендіруге қатысатын мамандардың басын біріктіреді.

Отырысқа Transport Canada өкілдері, Boeing, Embraer, Beechcraft және Lockheed Martin әуе кемелерін өндіруші компанияларының, ғылыми-зерттеу зертханаларының, мұздануға қарсы сұйықтық өндірушілерінің, сондай-ақ Солтүстік Америка мен Еуропаның әуе компаниялары мен әуежайларының өкілдері қатысты.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі атынан іс-шараға Әуеайлақтар және жерүсті қызмет көрсету департаментінің авиациялық инспекторы Шахзодбек Бахтияров қатысты. Ол халықаралық сарапшылар қауымдастығына Қазақстанның әуе кемелерін мұзданудан қорғауды қадағалау, білікті персоналды даярлау және қолданылатын сұйықтықтардың сапасын қамтамасыз ету саласындағы тәжірибесін таныстырды.

Талқылау барысында мұздануға қарсы өңдеу сапасын бақылау, тәуекелдерді басқару, сұйықтықтарды сынақтан өткізу және олардың қорғаныш әсерінің ұзақтығын анықтау тәсілдері қарастырылды. Сонымен қатар SAE G-12 комитеттерінің басшылары және сарапшыларымен жұмыс байланыстары орнатылып, ұлттық талаптарды жетілдіру мәселелері бойынша түсіндірмелер алынды.

Қыс мезгілі ұзаққа созылатын және күрделі ауа райы құбылыстары жиі байқалатын Қазақстанның авиация саласы үшін бұл бағыттардың практикалық маңызы зор. Алынған материалдар мен сарапшылық түсіндірмелер нормативтік талаптарды өзектендіруге, инспекциялық қадағалау тәсілдерін, персоналды оқыту бағдарламаларын және әуежайлардағы технологиялық рәсімдерді жетілдіруге пайдаланылуы мүмкін. Әсіресе әуе кемесінің ұшу алдындағы қорғалу деңгейіне тікелей әсер ететін мұздануға қарсы сұйықтықтарды таңдауда және олардың сапасын бақылауда ғылыми негізделген тәсілдерді қолдану маңызды.

Стандарттарды әзірлеушілермен және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен тікелей диалог орнату жаңа шешімдерді Қазақстандағы пайдалану жағдайларын ескере отырып бағалауға мүмкіндік береді. Ал жоспарланып отырған өзгерістер туралы ақпарат ұлттық талаптарды уақтылы өзектендіруге, сондай-ақ әуежайлар мен қызмет көрсетушілердің оларды іс жүзінде енгізуге дайындығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.