15/03/2021
2021 жылғы 14 наурызда Премьер-Министр Асқар Маминнің Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «Wizz Air Abu Dhabi» әуе компаниясы арасында Қазақстан мен БАӘ арасында тұрақты рейстер ашуға қатысты бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.
Бірлескен мәлімдемеге сәйкес «Wizz Air Abu Dhabi» әуе компаниясы Абу-Даби мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арасында тұрақты рейстерді орындауды 2021 жылғы мамырдың ортасынан бастауға дайын екенін білдірді. Қазақстан Республикасы мен БАӘ арасындағы әуе қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында тараптар өз құзыреті шегінде жоғарыда аталған рейстерді ашу мәселесі бойынша өзара өзара әрекеттесуді және күш-жігерді үйлестіруді жүзеге асыруға келісті.
Анықтама: «Wizz Air Abu Dhabi» – лоукостер, Абу-Даби (БАӘ) әуежайында орналасқан БАӘ 6-шы ұлттық әуе компаниясы.
Пайдаланушы сертификаты 2020 жылдың 12 қазанында берілген. Әуе компания ADQ (бұрынғы Abu Dhabi Development Holding Company) мемлекеттік компаниясымен бірлескен кәсіпорын болып табылады, ол акциялардың 51%-ын иеленеді, ал қалған 49%-ы Wizz Air Holdings-ке тиесілі.
Алғашқы рейс 2021 жылдың 15 ақпанында Абу-Даби – Афина бағыты бойынша орындалды.
Әуе компания 13 бағыт бойынша 11 елге халықаралық рейстерді орындайды (Афина, Армения (Ереван), Болгария (София), Кипр (Ларнака), Египет (Александрия), Грузия (Кутайси), Греция (Афина), Израиль (Тель-Авив), Украина (Одесса), Венрия (Будапешт), Польша (Катовице), Румыния (Бухарест).
Бүгінгі күні әуе компания паркінде A321neo үлгісіндегі 4 жаңа әуе кемесі бар, ал 2021 жылдың соңына қарай әуе парктін 30 әуе кемесіне дейін ұлғайту жоспарлануда.