Кіру

Басты бет >
«Wizz Air Abu Dhabi» әуе компаниясы Қазақстанға жаңа рейстерін ашады

15/12/2021

2021 жылғы 17 желтоқсанда "Wizz Air Abu Dhabi" әуе компаниясының Алматы – Абу-Даби бағытындағы жаңа халықаралық рейсінің ашылу рәсімі өтеді.


Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес аптасына 2 рейс, дүйсенбі және жұма күндері А320NEO әуе кемесімен орындалады.


"Wizz Air Abu Dhabi" әуе компаниясының Абу-Даби – Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсін 2022 жылдың қаңтар айына ашу жоспарланған.


Жаңа бағыттың ашылуы елдер арасындағы байланысты арттыруға, сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамытуға және туристік ағынды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ел тұрғындары мен қонақтарына "Wizz Air Abu Dhabi" әуе компаниясы ұсынатын барлық артықшылықтар мен қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді.


Ашылу салтанатына ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Мадияр Меңілбеков, Алматы қаласы әкімдігінің басшылығы, "Wizz Air Abu Dhabi" әуе компаниясының және Алматы қаласы әуежайының басшылығы қатысады деп жоспарланып отыр.

Анықтама:
"Wizz Air Abu Dhabi" әуе компаниясы - лоукостер, Абу-Даби (БАӘ) әуежайында орналасқан БАӘ-нің 6-шы ұлттық әуе компаниясы.
Әуе компания ADQ (бұрынғы Abu Dhabi Development Holding Company) мемлекеттік компаниясымен бірлескен кәсіпорын болып табылады, ол акциялардың 51% иеленеді, ал қалған 49% Wizz Air Holdings-ке тиесілі.
Әуе компания 23 елге 32 бағыт бойынша халықаралық рейстерді орындайды: Италия (Бари), Сербия (Беглград), Италия (Катания), Молдова (Кишинев), Армения (Ереван), Болгария (София), Кипр (Ларнака), Египет (Александрия, Луксор, Сохаг), Грузия (Кутайси), Греция (Афины, Крит, Миконос, Родос, Санторини, Ссалоники), Израиль (Тель-Авив), Украина (Одесса), Венрия (Будапешт), Польша (Катовице), Румыния (Бухарест, Клуж), Польша (Катович), Украина (Киев), Кипр (Ларнака), Оман (Мускат, Салала), Босния және Герцог (Сараево), Албания (Тиран), Бахрейн (Манама), Әзірбайжан (Баку).