15/12/2020
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде әуежайлар мен әуеайлақтардың медициналық пункттері үшін медициналық пункттердің жұмысын ұйымдастыру және әуежай аумағында ұшу қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету мәселелері бойынша вебинар өтті.
Оқу вебинары медициналық пункттердің атауына, әуежай ғимаратындағы кабинеттердің орналасуына қойылатын талаптарды, медициналық пункттердің алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін штаттарға қойылатын талаптарды қамтиды.
Медициналық қызметті лицензиялау мәселесі жан-жақты қарастырылды.
Медициналық пункттердің жұмысын Нормативтiк құқықтық актiлердің талаптарына сәйкес келтіру ұшудың медициналық қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді, авариялық-құтқару жұмыстары кезінде зардап шеккендерге уақтылы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді және аурухана ішілік инфекциялар қаупін болдырмайды.
Вебинарға қатысушыларға тиісті сертификаттар беріледі, олар мамандарды сертификаттау кезінде ескеріледі.
Қазіргі уақытта Қазақстанның әуежайлары мен әуеайлақтарында 29 медициналық пункт жұмыс істейді, оның ішінде 9-ы ауысым алдындағы, ауысымнан кейінгі, ұшу алдындағы медициналық тексерулер жүргізу үшін жалға алу құқығында.