Кіру

Басты бет >
Әуе көлігімен тасымалдауға тыйым салынған заттар бойынша ақпарат

16/06/2021

Жолаушылардың жеке қауіпсіздігі мақсатында авиациялық қауіпсіздік қызметі ұшу алдындағы тексеруді жүргізеді. Жолаушыларды, олардың қол жүгі мен багажын тексеру рәсімі міндетті. Ұшуға дейінгі тексермеден өтуден бас тартқан жолаушы ұшуға жіберілмейді. Жолаушыларды, олардың қол жүгі мен багажын тексеру билеттер тіркелгеннен кейін, халықаралық рейстердегі жолаушыларды тексеру – жолаушылар кедендік және шекаралық бақылаудан өткеннен кейін жүргізіледі.

Жолаушыларды, қол жүгін, багажды және жүктерді тексеріп қарау әуе кемесінде тасымалдауға тыйым салынған заттарды табуға арналған арнайы техникалық құралдармен жүзеге асырылады. Еліміздің барлық әуежайлары иондаушы сәулеленуге сертификаттаудан өткен және сәулеленудің тиісті нормаларынан аспайтын заманауи техникалық тексеру құралдарымен жабдықталған.

Қол жүгі үшін, сондай-ақ багаж үшін авиациялық қауіпсіздікке байланысты шектеулер қолданылады. Тексеру кезінде жолаушының қол жүгінен (багажынан) табылған тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен бұйымдар шығарып салушы адамдарға берілуі немесе уақытша сақтауға қабылдануы мүмкін. Қысылған және сұйытылған газдар, уландырғыш, улы және тез тұтанатын сұйықтықтар сақтауға қабылданбайды.

Қол жүгімен тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен бұйымдар: кез келген үлгідегі қару және оған ұқсас заттар; шанышпалы-кесетін заттар; соққы-уатқыш әсер ететін құралдар; жұмыс аспаптар; магнитті материалдар; соққыға әсер ететін құрылғылар; радиоактивті заттар; улы және уытты заттар; сығылған және сұйытылған газдар; тез тұтанатын заттар; тұтанатын қатты заттар; коррозиялық заттар; жарылғыш заттар және олар толтырылған заттар; сыйымдылығы 100 мл-ден асатын контейнерлердегі сұйықтықтар, зауыттық орамасы, тиісті техникалық паспорты және сертификаты жоқ құрамы белгісіз заттар мен сұйықтықтар.

Ұшу уақытына қажетті мөлшердегі дәрілік препараттар, балалар тағамы мен арнайы диеталық қажеттіліктер, сондай-ақ әуежайда бажсыз сауда дүкендерінен немесе әуе кемесінің бортынан сатып алынған, ұшу кезінде пакеттің ішіндегіге рұқсатты көзбен шолып сәйкестендіруді қамтамасыз ететін, онда бұл сатып алу сапарға шығатын күні әуежайдағы бажсыз сауда дүкендерінен немесе әуе кемесінің бортынан жүргізілгендігін анық растайтын берік мөрленген пластиктік пакетке оралған сұйықтықтар тасымалдау бойынша ерекшелікке ие болады.    

Қол жүгінде және багажда тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен бұйымдар: жарылғыш және өзге де өлімге әкелетін құрылғылар, жарылғыш заттар мен олар толтырылған заттар, оқ-дәрінің барлық түрлері, гранаталар, миналар мен барлық үлгідегі снарядтар, аңшылық капсюльдер (пистондар) және капсюль-детонаторлар, пиротехникалық құралдар, петардаларды, бенгал оттарын, ойыншық пистолеттерге арналған хлопушкалар мен пистондарды қоса алғанда, кез келген түрдегі жарық беретін зымырандар, қондыру шашкалары, түтін патрондары (шашкалар), динамит, тол, аммоналий, тротил, капсюльдер, детонаторлар, электр детонаторлар, электр тұтандырғыштар, детонациялайтын және от өткізгіш баулар, радиоактивті заттар; тез тұтанатын сұйықтықтар мен заттар, ацетон, бензин, мұнай өнімдерінің сынамалары, метанол, метил эфирі, күкірт көміртегі, эфирлер және өзге де тез тұтанатын сұйықтықтар, тұтанатын қатты заттар, калий, натрий, металл кальций және олардың қорытпалары, ақ, сары, қызыл фосфор, тұтанатын қатты заттар санатына жататын өзге де заттар, органикалық пероксид, коллоидты нитроцеллюлоза, улы және улы заттар, бруцин, никотин, стрихнин, тетрагидрофурфурил спирті, антифриз, этиленгликоль, сынап, синиль қышқылының барлық тұздары және цианисті препараттар, циклон, цианплав, күшәнді ангидрид, инфекциялық немесе биологиялық қауіпті материалдар, күйдіргіш және коррозиялық заттар, бейорганикалық қышқылдар, тұз, күкірт, азот және өзге де қышқылдар, фторлы-сутекті (балқытқыш) қышқыл.